Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанбақ

Шырайлы Шымкент қаласы 2020 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мәдени астанасы атанатын болады. Биыл миллионды қалаға айналуды көздеп отырған шымқалаға мұндай дәреже беру туралы шешім Өзбекстан астанасы Ташкентте ТМД елдерінің сыртқы істер министрлер кеңесінің кезекті мәжілісінде айтылған.

 

Күнгейдегі көршіде өткен келелі жиында «ТМД елдерінің мәдени астанасы» бағдарламасын жүзеге асыру туралы шешімі бірден қабылданып, тараптармен қуатталыпты. Мәдени астана атағын Шымкенттен өзге, 2018 жылы Алманияның Горисы мен 2019 жылы Белорусияның Брест қаласы алатын болады екен. Сонымен қатар, 2020 жылы Қазақстан жағынан Шымкент шаһары ТМД мәдени астанасы мәртебесіне ие болады. Осған орай, Шымкент қаласы алдағы 3 жылда адам танымастай түлемек.

Шаһар шырайын кіргізетін «Шымкент — Сити» жобасы жүзеге асады. Талайлар тамсанатын қалаға айналады дееп күтілуде. Қазір бұл бағыттағы жұмыс жанданып отыр. Мәселен, «Шатқал» бағдарламасы бойынша егілген тал-дарақтар 2020 жылға дейін жайқалған жасыл желекке айналады.

Дереккөз: «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*