ОҚО-да ауылшаруашшылығы саласындағы жалпа өнім көлемі 2,2 пайызға артқан

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық режимде кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде 2017 жылдың 1 маусымына аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен бюджеттің атқарылуы және «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы қаралды.Жиындағы алғашқы тақырып – 2017 жылдың 1 маусымына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов баяндама жасап, саладағы атқарылған жұмыстарға есеп берді. Айтуынша, жыл басынан бері 5 айда біздегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 307,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға төмендеген. Өнеркәсіп өнімі облыстағы кен өндіру өнеркәсібіндегі уран өндірісінің 4,4 пайызға азаюынан орын алып отыр. Ал ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 112,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артыпты. Сонымен қатар, тиісті мерзім ішінде облысқа 137,5 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылдың тиісті кезеңінен 46,4 пайызға көбейген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*