ОҚО-дағы көптеген аудандарда тарту мәселесі өзекті

 Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәліметінше, өнеркәсіп өнімінің көлемі төмендеген аудандардың көшбасын Ордабасы, Созақ аудандары мен Кентау қаласы бастап тұр. Ал ауыл шаруашылығы өнімі төмен аудандарға Ордабасы (5,9%) мен Шардара (1,4%) еніп отыр. Бұл өңірлерде, сондай-ақ, мал шаруашылығы өнімдерінің кемуі де орын алған. Оңтүстікке бағытталған инвестиция көлемінің ұлғаюы Шымкенттегі мұнай өндіру зауытын жаңғырту,  Бәйдібек ауданында питомниктің құрылысын жүргізу, Түлкібас ауданында Састөбе цемент зауытының цехтарының кеңейту жұмысына тартылған инвестиция жұмыстарының есебінен орын алса, бірқатар аудан, қалаларда — Арыс (28,7%), Кентау (54,7%), Қазығұрт (71,8%), Мақтарал (56,7%), Отырар (59,2%), Сарыағаш (80,3%), Төлеби (96,5%) және Шардарада (36,6%)  инвестицияның көлемі төмендеген.«Ағымдағы жылдың 4 айында облыстың әлеуметтік-экономикалық өсім қорытындыларын талқылаған кезде Арыс, Қазығұрт, Мақтарал, Сарыағаш аудандарында инвестиция көлемі кеміген болатын. Алайда, инвестицияны тарту жұмыстарын жақсарту туралы тапсырма берілгеніне қарамастан бұл аудан, қалаларда жағдай бүгінгі күнге дейін жақсармаған. Одан бөлек, 5 айдың қорытындысымен жоғарыда аты аталған аудандармен бірге Кентау қаласы мен Шардара, Отырар, Төлеби аудандарында инвестиция көлемі кеміген. Атап айтқанда, былтырғы жылдың 5 айымен салыстырғанда инвестиция көлемі Арыста — 71,3 пайызға кеміген, Шардарада – 63,4%-ға, Кентауда – 45,3%-ға, Мақтаралда 43,3%-ға, Отырарда – 41%-ға, Қазығұртта — 28%-ға, Сарыағашта — 20%-ға, Төлебиде — 4%-ға кеміген», — деді Ж.Түймебаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*