Өгемнің суын ішетін күн де алыс емес

Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарындағы ауыз су мәселесін Өгем өзенін ауыз су ретінде пайдалану арқылы түпкілікті шешуге бел буып отыр.Осы мақсатта биылғы жылдың 15 ақпанында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметі өкілдерінің екіжақты ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобы басқосқан болатын.

Аталған мәжілісте  Өгем өзенінен көлемі секундына 3-3,5 текше метрге дейін суды бұрып аталған аудандардың тұрғындарына ауыз су ретінде пайдалану мәселесі қаралып, оң шешімін тапты. Ол үшін Қазығұрт ауданының Өгем ауылы тұсынан  Өгем өзенінен құбыр арқылы су бұру жұмыстары жүргізілуі тиіс.

«Егер қазіргі келіссөздер нәтижелі аяқталса, жоғарыда аталған проблеманы түпкілікті шешуге болады»,- дейді облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Марғұлан Марайым.

Айта кетейік, Өгем өзенінің басым бөлігі Қазақстан Республикасы аумағында орналасып көршілес Өзбекстан Республикасында ішінара орналасқан трансшекаралық өзенге жатады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*