ОҚО-да 128 мектепті робототехника кабинетімен жарақтандыруға 748 млн. теңге бөлінді

Оңтүстік Қазақстан облысының 2017 жылға арналған бюджет көлемі жалпы 507,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 23 млрд. теңгеге өсті. Негізінен мұнда облыстың әлеуметтік, экономикалық маңызды салаларына қажетті қаржы бөлінді. Атап айтсақ, облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарын жүргізу үшін 389,4 млн. теңге , аймақтағы 128 мектепті робототехника кабинетімен жарақтандыруға 748,2 млн. теңге қарастырылып отыр. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Қайта нақтыланған бюджеттің ең көп соммасы яғни-1,5 млрд теңгесі  «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау мақсатына бөлінді.Бұл қаржы банктегі несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялау үшін қосымша қаралып отыр. Биылғы жылы аталған мақсатқа  3 млрд бөлінген болатын, енді оған 1,5 млрд.тенге қосылып жалпы 4,5 млрд. тенгені құрады. Бұл дегеніміз банктерден шамамен 37 млрд. тенгеге жуық инвестиция тартуға жол ашады, яғни кәсіпкерлерге осы соммаға несие алуға мүмкіндік бар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*