Кентаудағы тұрғын үйлерді жаңғыртуға 500 миллионға жуық қаржы бөлінбек

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясында жергілікті бюджеттің қайта нақтылануы кеңінен талқыланды.Мәселен, биыл Түркістан және Кентау қалаларындағы тұрғын үйлерді жаңғыртуға 491,5 миллион теңге бағытталып отыр. Ал, Шымкент қаласындағы бұрынғы қоқыс полигоның аумағында саябақ салу және көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін 400,7 миллион теңге жоспарланып жатыр. Бұдан бөлек, 6 білім беру нысандарының құрылысын бастауға  55 миллион теңге бөлінеді. Ал, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге және орталықтандырылған ақпараттық жүйесіне көшу бағытында денсаулық сақтау саласының  медициналық ұйымдарына 1 732 дана компьютер сатып алуға 346,4 млн. теңге қарастырылып отырғаны айта кеткен жөн.  Денсаулық сақтау саласын дамытуға жалпы 4 емхананың құрылысына және 2 жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына   97 миллион теңге бағытталайын деп жатқанын да айта кетейік.

Сессия барысында облыстық маңызы бар 2 автомобиль жолының құрылысын бастау және Астана даңғылының құрылысын жалғастыру үшін 224,4 млн. теңге қарастырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*