ОҚО-да ҰБТ қорытындысы қортындысы орташа бал 76,8 құрады

Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталып, қорытындысы бойынша облыстың орта балы 76,8 балды құрады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Ергашова мәлімдеген болатын.Раушан Ергашованың айтуынша, облыс бойынша барлық аудан, қаладан 829 мектепті бітірген 21323 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырған. Ал, сынақ тапсыруға ниет білдірген 21668 оқушының 312-сі өз өтінішімен, 29-ы денсаулығына байланысты, 4 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен (халықаралық олимпиада және ғылыми жоба жеңімпазы) Ұлттық бірығай тестілеуден босатылғандар. Сондай-ақ, тестілеуге кірген 3 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеу ережесін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, тестілеу қорытындылары жойылды.

«2017 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен облыстың орта балы – 76,8 балды құрады. Атап айтсақ, Кентау 90,6, Шымкент 86,6, Отырар 84,6, Қазығұрт 81, Арыс 78,9, Түркістан 76, Түлкібас 75,9, Төлеби 75,3, Сайрам 72,5, Шардара 72,4, Созақ 72, Сарыағаш 71,9, Мақтарал 71,2, Бәйдібек 70,2, Ордабасы 64,3балды құрады»,- деді Р.Ергашова.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*