ОҚО әкімі Ж.Түймебаев: «Кейбір аудан әкімдерінің жұмыстарында жүйесіздік бар»

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазығұрт ауданындағы «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» мемлекеттік  бағдарламасының іске асырылу мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің шынайылығына жүргізілген тексерулердің қорытындысы талқыланды. Онда прокурорлар, тексеру нәтижесінде 200 мыңнан астам заңбұзушылықтар анықталып, оның ішінде 3,5 мыңы кәсіпкерліктің дамуына кері септігін тигізетін әкімшілік кедергілер, 400 млн. теңгеден астам бюджет қаржысын тиімсіз жарату деректері әшкереленгенін мәлімдеді. Сондай-ақ салық өндіру ісінде де кемшіліктерге жол берілгенін айтып өтті. Айта кетейік, бұл прокурорлық кешенді тексеру шарасы елімізде пилоттық жоба ретінде бас прокурордың үкімемен жүргізіліп отыр. Алдағы уақытта өзге аудан қалаларда да жалғасын табатын болады.«Елбасымыз оңтүстікке жасаған жұмыс сапары барысында облысымызды 80 пайыз  дотацияда отыр деп атап кетті. Жасыратыны жоқ, өңірде жұмыссыздықпен күрес, кәсіпкерлерге қолдау білдіру, салық түсімдерін молайту, туризмді дамыту, өңірге инвестиция салу, шаруаларға субсидия бөлу, ауыл шаруашылығы кешенін дамыту  мақсатында қыруар тірліктер атқарылып жатыр. Алайда кейбір аудандарда бұл жұмыстар қожырап, аудан әкімдерінің  жұмыстарында  жүйесіздік бар екенін байқап отырмыз. Алдағы уақытта барлық аудан –қала әкімдерінің жұмысы жіті қадағалауда болады», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

 Алқа отырысының қорытындысымен жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде агроөнеркәсіп кешін дамыту бағдарламасын тиісті дәрежеде іске асырмаудың себеп-салдарын жоюға бағытталған ұсынымдар берілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*