ОҚО әкімі тәжірибе алмасу мақсатында 20 журналистке Түркияға жолдама берді

28 маусым – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай,  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев оңтүстіктің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өміріндегі жетістіктерін насихаттауға және облыс тұрғындарының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар журналистерді марапаттап, тәжірибе алмасу мақсатында Түркия еліне өңірдегі бас редакторлармен меншікті тілшілерге жалпы саны 20 адамға жолдама берді. Анадолыға аттанатын қаламдылардың ішінде  «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының  директоры Уәли Сағындықұлы Қыдыр, «Егемен Қазақстан» газетінің түстіктегі тілшілері Ғалымжан Қамытбекұлы Елшібай мен Бақтияр Байдуллаұлы Тайжан, «Қазақстан» Ұлттық арнасының тілшісі Пердеғани Беркінұлы Қалмахан бар. Сонымен қатар, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редактор-директоры Абай Бекнзарұлы Балажан мен «Замана» газетінің бас редакторы Иса Омарұлы Тасқұлов, «Nar.tv»  телеарнасының директоры Ерсұлтан Әмірбекұлы Әмірбек, «Хабар» агенттігінің тілшісі Нұрбек Смайылұлы Байбосынов, «КТК» телеарнасының тілшісі Бек Мейрамходжаұлы Әбиевтер Қара теңіз жағалауына жол жүрмек.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде жұмыс жүргізіп жатқан бұқаралық  ақпарат құралдарының саны 258-ге жетіп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*