ОҚО-да БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі аталып өтілді

Оңтүстік Қазақстанда 28 маусым — Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің бірқатар БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттады.«Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Сіздер Президентіміздің жасампаз идеяларының төңірегіне қоғамды топтастыру, ұлтты ұйыстыруға зор үлес қосып келесіздер. Демек, қандай да бір ақпарат көзінің сөзі — қоғамдық пікір қалыптастырудың темірқазығы іспетті. Сондықтан да әрбір сөзді, әрбір оқиғаны таратуда шынайылық пен адалдық қағидаларын сақтай отырып әрекет етулеріңіз барынша маңызды деп білемін», — деді өңір басшысы.

  Мұнан соң, аймақ басшысы аталған салада талай жылдардан бері қызмет етіп, қоғамдағы күрмеулі мәселелерді қозғап жүрген журналистерді марапаттады.  Сонымен, «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағына «Отырар» телеарнасының директоры Валентина Куликова ие болса, «Облысқа сіңірген Еңбегі үшін» медалі «ҚР мәдениет қайраткері», «Қазақстанның құрметті журналисті» Қалыбек Атжан, журналистика ардагері Сұханберді Оразалиев және «Рабат» газетінің бас редакторы Фарида Шарафутдиноваға табысталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*