Созақтық ардагерлер Астанаға аттанды

29 маусым күні таңертең аудан орталығы Шолаққорған ауылынан ауданымыздың экономикалық, әлеуметтік дамуы мен өркендеуі, өрістеуі жолында елеулі еңбек еткен бір қатар еңбек ардагерлері Астана қаласына сапарға шықты. Олар «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астана қаласының көрікті жерлері мен тарихи орындарын аралап, Алжир лагері, Бурабай табиғат мұражайына барып, тынығып қайтпақ ниетте.Бұл облыс бойынша Созақ ауданан бастау алған тұңғыш бастама десек те болады. Шараны ұйымдастырушылар қатарында аудан әкімі Салыхан Полатов сапарға шығып тұрған ардагер ағаларымызға шынайы ақжолтай сапар тіледі. Шығарып салу рәсіміне аудан әкімінің орынбасарлары, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов болды. Ардагерлерді барып-қайту сапарында жол бастап алып жүретін аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақәділ Сатыбалды және басқа да медицина, әлеуметтік сала қызметкерлері сияқты жауапты мамандар да қоса баратын болады. Шарада сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, ақын, жазушы Дулат Тұрантегі, ақын Төлеген Кәрібеков шығарып салушыларға алғыс айта отырып, үлкен бастаманы қуана құптайтынын білдірді. Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы өнерпаздарының әсем әндері мен сазды күйлері ырғағымен ұзақ сапарға шыққан ардагерлерімізге айтарымыз «Аман барып, сау қайтыңыздар ардагер ағалар!» деген ізгі тілекпен шығарып салдық.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*