Мақтааралда журналистер марапатталды

Мақтааралда 28-маусым — Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні мерекесіне орай, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында мерекелік кеш болып өтті.50-ге жуық журналистердің басын қосқан іс-шарада аудан әкімі Ғалым Исмаилов сөз сөйлеп, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын жергілікті жерде насихаттап, билік пен бұқараның арасына алтын көпір болып отырған ақпарат өкілдерінің қызметі мен еңбегі зор екендігін атап өтті. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына үлесін қосып, еңбегімен еленген «7 сыр» газетінің бас редакторы Ғаппар Жаппарға «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.«Аға буын», «орта буын», «жас буын» болып бөлінетін Мақтаралдың журналистер қауымы өздері туралы түсірілген «Мырзашөл журналистикасы» атты деректі фильмді тамашалады. Қаламгерлер «журналистика» атты сан салалы мамандықтың небір қызықты оқиғалары туралы естеліктерімен бөлісіп, аға буын өкілдері жастарға ақыл-кеңестерін берді. Айта кетейік, бүгінгі таңда Мақтарал ауданында 2 телеарна, 10 газет жұмыс жасайды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*