ОҚО-да 5 айда орын алған қылмыстардың саны азайған

 Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыстық ахуал тұрақты.  Соңғы  бес айда қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар  25,1 пайызға, көшелерде жасалған қылмыстар 32,4 пайызға төмендеген.  Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция бастығы, полковник Әбдіғани Сейдуалиев мәлім етті.«Қылмыстық құқықбұзушылықтардың түрлеріне сараптама жасасақ, ауыр қылмыстар 22,4 пайызға , денсаулыққа орташа зиян келтіру  54,2 пайызға, ұрлық 18,7 пайызға , тонау 16,5 пайызға , қарақшылық  45,5 пайызға, бұзақылық қылмыстары 38,9 пайызға төмендеген. Ахуалдың біршама сауығуына департаменттің салалық қызметтері, басқа да құқық қорғау органдары және мүдделі мекемелермен бірлесе отырып өткізілген «Құқық тәртібі», «Қадағалау»,  «Нүктелік», «Учаске» кең-көлемді  жедел алдын-алу шаралары да оң әсер етті»,-деді Әбдіғани Тайжанұлы.Оның айтуынша, тіркелген қылмыстардың негізгі бөлігін яғни ал 64,6 пайызын ұрлық қылмыстары  құрап отыр.  Жүргізілген сараптама негізінде, қоғамдық  орында жасалған қылмыстардың 0,3  пайызы адам өлтіру, 0,2 пайызы денсаулыққа ауыр дене жарақатын салу, 7 пайызы тонау, 0,1 пайызы  қарақшылық, 11,9 пайызы бұзақылық, 15,6 пайызын басқа да қылмыстар құраған. Саннан сапаға көшуді ескерткен облыс әкімі сала басшыларына  қылмыспен күресуде шетелдік озық үлгілерді енгізіп, ұтымды тәжірибелерді пайдалануға кеңес берді

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*