«Оңтүстік» АИО, «Сарыағаш-құс» ЖСШ-не 63 миллионнан астам теңге несие берген

«ОҢТҮСТІК» аймақтық инновациялық орталық 63,5 миллион теңге көлемінде несие алып өз жұмысын бастаған «Сарыағаш-құс» ЖСШ-де болды.  Несиені өте орынды пайдаланған кәсіпкер қаражатқа 46 мың дана шөже, оларды өсіруге қажетті жабдықтар және витаминдер сатып алған. 165 күн күтіп бағудың арқасында шөжелер тауыққа айналып бүгінде күніне 41-42 мың жұмыртқа беріп отыр. Жұмыртқалар  Сарыағаш ауданындағы дүкендерге таратылады. Серіктестікте 15 адам жұмыспен қамтылған.Кәсіпкер алдағы уақытта құс фермасының өнім көлемін арттыру мақсатында қосымша тағы да аталмыш орталықтан қаржы алуды көздеп отыр. Осылайша, жұмыс көзін молайтып, нарық сұранысын қамтымақ.

«ОҢТҮСТІК» АИО-нан 15 миллион теңге несие алып, жұмысының тиімділігін арттырып отырған серіктестік элиталық көшеттерді отырғызу жəне көбейтумен айналысады. Алған қаржысына  өнім сақтау қоймасын салып, кассетаға көшет отырғызу құрылғысы мен кассеталарын сатып алған. Қойманың сыйымдылығы  240 тонна. Көшет отырғызу аппараты күндігіне 3 гектар жерге қажет дәнді егіп үлгереді. Еуропадан әкелінген құрылғының әзірге облыста теңдесі жоқ. Бүгінде «Сарыағаш жер сиы» серіктестігі осы желіде қызмет жасау үшін 60-тан астам жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Қожалықта киви, банан, ананас сияқты субтропикті жемістер сонымен қатар жаңғақ, лимон, жүзімнің өте аз кездесетін сорттары көбейтіліп, көшеттер Алматы, Жамбыл, Қызылорда жəне Ақтөбе сияқты Қазақстанның бірқатар облыстарына жеткізіп берілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*