ОҚО әкімі өңірдегі мектеп құрылысы мәселесін май шаммен қарады

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде  өңірдегі аудан, қалаларда салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысы кеңінен талқыланды. Оған өзіндік себеп бар. Өйткені, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтің айтуынша Қазығұрт, Сайрам, Шардара аудандары мен Шымкент қаласындағы мектеп құрылысында орын алған олқылықтар бар екен. Осыған орай, өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы жауапты басшы, әкімдерге ескерту жасады.«Егер жұмыс осылай жалғаса беретін болса, жауапкершіліктеріңіздің жоқтығынан келесіде жаңа құрылыс нысаны аудандарыңызға берілмейтін болады. Бір ауданға бір мектеп салу — бұл сол аудан үшін, ондағы халық, балалар үшін үлкен қуаныш. Сіздердің немқұрайлылықтарыңыздан туындайтын болмашы кемшіліктердің орын алуы халыққа зиянын тигізбеуі тиіс», — деді облыс әкімі.

Сонымен бірге, өңір басшысы жиында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша нысандардың құрылыс жұмыстарының сапалы және мерзімінде атқарылуын қамтамасыз етуді, қалыс қалып отырған нысандар бойынша 2, 3 ауысымда құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруды, сондай-ақ, жұмыстың сапасына бақылауды бәсеңдеткен жауапты қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарауды тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*