Арыста мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада болып өтті

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен спорт кешенінде мемлекеттік қызметшілер арасында Стартакиада болып өтті.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырған спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтегі азаматтарды салауатты өмір салтына баулу, қала көлемінде мемлекеттік қызметшілер арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты арттыру және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесін атап өту болып табылатынын айта кеткен жөн.
Спорттық іс-шараны ашқан қала әкімі Мұрат Қадырбек Мемлекеттік қызметшілерді төл мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, биік шыңдардан көріне берулеріне тілектестігін білдірді. 
Спартакиада да мемлкеттік қызметшілер спорттың мынадай түрлерімен өзара бақ сынасты: кіші футбол, арқан тарту, үстел теннисі, армрестлинг, кір тасын көтеру, тоғызқұмалақ, шахмат және дойбы.Спорт ойындарының қорытындысы бойынша жеңімпаздар салтанатты түрде медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*