Арыста «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» деп аталатын салтанатты жиын болып өтті

Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті. Салтанатты шара Мемлекеттік Гимнмен ашылып, жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлердің ант қабылдау рәсіміне ұласты.Аталған шараға қала әкімі Мұрат Қадырбек, әкім орынбасарлары мен ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары мен мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысқанын айта кеткен жөн. «Мемлекеттік қызмет ел игілігі жолындағы жауапты да, абыройлы міндет. Халықтың сенімін ақтап, туған елің үшін қызмет ету асқан жауапкершілікті талап етеді. Қаламыздың тұрақты дамуы мен кемелденуі жолында атқарып келе жатқан қызметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін» — деп шаһар басшысы Мұрат Болатұлы құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар салтанатты жиында  Арыс қаласының әлеуметтік, экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілерге Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен табыстады.
Мұнан соң, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қалалық мәдениет үйі өнер ұжымының концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*