28 маусым-Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов аудандағы бұқаралық ақпарат, байланыс және телекоммуникация қызметкерлерін салтанатты жағдайда қабылдады.Ауданның әлеуметтік, экономикалық және байланыс, ақпарат саласына белсенді үлес қосқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты сәтте аудан әкімі марапат иелеріне еңбекте озат атанып, өздері атқарған салада кәсіби мамандар ретінде тәуелсіз еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында өлшеусіз табыстарға жете берулеріне тілектестігін білдірді. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары қатысып отырды. Осы күні «Созақ үні»газеті редакциясында аудандық ардагерлер кеңесінің төқрағасы Қабылбек Еспенбетов бұқаралық ақпатар саласында еңбек етіп, осы салаға бар ғұмырын арнаған еңбек ардагерлері мен осы салада еңбек еткен бірқатар азаматтарды арнайы алғыс хаттармен марапаттап, еткен еңбек жолдарында елге үлгі, кейінгі ұрпаққа өнеге болып, шәкірт тәрбиелеген асыл ағаларға деген шынайы алғысын жеткізді. Марапат иелері қатарында ардагерлеріміз Ескер Жақанов, Қалман Ерденов, Қасымжан Өмірұлы, Ескермес Жақсымбетов, Қазыбек Мыңжан, Әнуар Бабашов, Мұрат Сапаров сияқты кезінде аудандық газет пен аудандық баспахана жұмысында қолтаңбалары қалған азаматтар лайықты құрметке ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
Созақта «келесі аялдама ауылдық кітапхана» атты сырласу кеші өтті
3 аялдама-Келіншектаудың етегінде, бұлдырап аққан Арпа өзенінің бойында, табиғаты жарасқан әдемі әжелерімен, қарт қариясымен, үлгілі отбасымен, инабатты келінімен, әдемі жастарымен көрікті Абай елінде «Аяулы ауыл Абай»-үлгілі отбасылар кітапханада- сырласу кеші өтті. Сырласу кешіне жеті үлгілі отбасы […]
Түркістан қаласының әкімі журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
28 маусым-Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні орай, киелі Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев жергілікті ақпарат құралдарының өкілдерін ксіби меркесімен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді. «Байланыс және ақпарат қызметкерлері ел игілігі жолында тер төгіп келе жатқан мемлекетшіл жандар […]
Созақта өткен «AGROFEST-2017» фестивалінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде үздік нәтежие көрсеткен ауылдық округтер марапатталды
Созақ ауданында мемлекет тарапынан түрлі қаржы құрылымдары арқылы инвестиция тарту жолымен, ауыл шаруашылығы саласының дамуын несиелеу арқылы жаңа серпін беру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Мәселен аудан аргроқұрылымдары 2017 жылдың 9 айында «Созақ несие» […]
Пікір қалдыру