Сарыағашта Қоғамдық келісімнің көшпелі отырысы өтті

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы Сарыағаш ауданында ұйымдастырылды.

Облыстық және Сарыағаш, Қазығұрт аудандық Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, облыстық мәслихаттағы «Ел бірлігі» депутаттық тобының жетекшісі, құқық қорғау органдарының басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің жетекшілері, жастар орталығының қызметкерлері мен этномәдени бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан мәжілісте ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар, жер телімдерін беруде ашықтық пен жариялылық үрдісін енгізу, ұлттық тілде білім беретін мектептердің қазіргі ахуалы сынды мәселелер жан-жақты сараланды.Отырыста Қазақстан Халық Ассамблеясы Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов тиісті құрылымдармен бірге атқартын негізгі міндеттер жайын жеткізіп, субсидиялар мен жер телімдерін беруде ашықтық пен жариялылық қағидасын қамтамасыз ету жайы аудандық, қалалық, ауылдық деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестерінің күн тәртібінде тағы да қаралып, пысықталуы тиіс деді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*