Шымкент мұнай өңдеу зауыты Еуро-4 және Еуро-5 стандартындағы жанармай шығаруды бастады

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде мұнай өңдеу тереңдігі 80 пайызға артып, өнім шығару көлемі жылына 6 млн тоннаға, жанармай өндірісі 3 есе көбейді. Ең бастысы —  жанармай сапасы Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық стандартына көшті. Тарихи оқиғаға қатысты өткен салтанатты жиынға Қытай Халық Республикасының  CNPC компаниясы Бас директоры  Биан  Дыжы  мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, зауыт жұмысына сәттілік тіледі.      «Елбасымыз халыққа арнаған Жолдауында елімізді өз мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету керектігін баса айтқан болатын. Осы тапсырмаға сай  Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Қазірде аталған бағдарламаның аясында Қазақстанның үш ірі мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін міне бірінші кезеңнің іске асуына куә болып отырмыз», — деді Жансейіт Түймебаев

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*