«ОРДАБАСЫ» БОСНИЯДА ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

«Широки Бриег» (Широки Бриег, Босния) — «Ордабасы» (Шымкент, Казақстан) 2:0 (2:0)

Гол салған: Крстанович 11-метрлік пенальтиден 37 (1:0), Крстанович 45+1 (2:0)

Ескерту : Бралич 24, Баришич 83 — Диакате 40

«Широки Бриег»: Билобрк, Баришич, Чорич Д., Чабрая, Менало (Кожул 89), Чорич Й. (Чорлука 79), Лончар (Грубишич 81), Бегонья, Бралич, Крстанович, Маркович

«Ордабасы»: Бекбаев, Нөсербаев, Смақов, Ковальчук, Нұрғалиев, Фонтанельо, Төлебек (Бочаров 53), Тұңғышбаев (Ли 78), Диакате, Ерланов, Симчевич

Бас төреші: Ференц Карако (Венгрия)

29 шілде. Широки Бриег. «Печара» стадионыКездесу «Ордабасы» футболшыларының шабуылымен басталды.Дегенмен, алғашқы қауіпті сәтті қонақтар жасады. Славка Браличтің тепкен добы қақпа бағанасына тиіп кері кетті. Қонақтар сапында Фонтанело бес метрдей жерден соққы жасап допты қақпадан биіктетіп жіберді. Ойынның 37-ші миинутында сол Фонтанело айып алаңында Иван Кристановичті шалып жықты. Осы өрескілдігіне орай венгриялық төреші «Ордабасы» қақпасына 11-метрлік айып добын белгіледі. Кристановичтің өзі айып соққысын тамаша орындап өз командасын алға шығарды. Есеп 1-0.Осылайша ойламаған жерден қателік жіберген Алексей Петрушин шәкірттері есепті теңестіреміз деп жүріп тағы бір қателікке бой алдырды. Бұл ретте қақпашы Алмат Бекбаев әуедегі допты қайтарамын деп дер кезінде жете алмай қалды. Осындай олқылықты пайдаланған Кристонович екінші голды баспен салды. Есеп 2-0.Екінші кезеңде «Ордабасы» басым ойнады. Бірақ, өткір шабуылға нүкте қоятын хас шебер шабуылшы болмады. Таңат Нөсербаевты екі бірдей мығым қорғаушылар қоршап жүрді. Алаң иелері екінші таймды көбінде алыстан теуіп есепті ұлғайтпақ болды. Дегенмен, Алмат Бекбаев қырағылық танытып бірнеше соққыға тосқауыл бола білді. Бас бапкер алаңға Виталий Ли мен Никита Бочаровты шығарғанымен олар да ойынға өзгеріс енгізе алмады. Таблодағы есеп 2-0.

Енді қарымта кездесу 6-шілде күні Алматы қаласындағы орталық стадионда сағат 21-00 де өтеді.Өз алаңында болмайтын жарықтың салдарынан кездесу өткізе алмайтын жерлестеріміз Алматыға сабылатын болады. Жылдар бойы күткен жанкүйерлердің басым бөлігі өз командасының матчын өздері тамашалай алмайды.Мүмкіндігі барлар Алматыға аттанады. Жерлестерімізге жеңіс,футболшыларға сәттілік тілейміз.Өйткені, Еуропа лигасына жол тартқан Шымкенттің «Ордабасының» жарысты жалғастыруға мол мүмкіндігі бар.

Ілияс ЖОЛДАС ,ФК «Ордабасы»

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*