Созақта «келесі аялдама ауылдық кітапхана» атты сырласу кеші өтті

3 аялдама-Келіншектаудың етегінде, бұлдырап аққан Арпа өзенінің бойында, табиғаты жарасқан әдемі әжелерімен, қарт қариясымен, үлгілі отбасымен, инабатты келінімен, әдемі жастарымен көрікті Абай елінде «Аяулы ауыл Абай»-үлгілі отбасылар кітапханада- сырласу кеші өтті. Сырласу кешіне жеті үлгілі отбасы қатысты.
1) «Әр отбасы бір тарих»-Д.Даурбаевтар отбасы ұстаздық еткен жылдары мектеп оқушыларымен бірге «Арпа» өзені, Таңбалы тасқа зерттеу жұмыстарын жүргізгені, Абай ауылының шығу тарихы жайлы;
2) «Өнеге отбасынан басталады»- Б.Омарбековалар отбасы ауылдағы өнегелі отбасылар, салт-дәстүр, отбасының бірлігі, татулығы жайында әңгімелеп, 83 жастағы әжелерінің кітапхананың тұрақты оқырманы жайлы;
3) «Еңбегімен еленген»-А. Молжігітовалар отбасы кітап арқылы еңбек, ұзақ жылдар ұстаздық өмірдегі еңбек майданы жайында;
4) «Кітапты құрметтеген үздік оқырман»-алтын формуляр иегері А.Садуақасовтар отбасы кітап туралы, отбасында қариядан жас балаға дейін кітапхананың тұрақты оқырмандары, «Үздік формуляр» иегерлері болғанын; 5) «Ұлағатты ұстаздар»-Ш.Оспановтар отбасы ұстаздық еткен жылдарда кітапханамен бірге өткен іс-шаралары, оқыған кітаптары жайлы;
6) «Өнер жолындағы өмір»- Қ.Тұрысбековтер отбасы кітап пен өнердің егіз екенін, шертпе күйдің шебері Т.Момбековтен бата алғаны, күйшінің күйлерін шертіп үйренгенін, 2014 жылы Облыстық күйшілер байқауына қатысып бас жүлде алғанын, күй өнерін қазіргі таңда қызметімен қоса алып жүргені жайында сыр шертісті. 
Сырласу кешінде тыл ардагері, 90 жастан асқан ауылдың жасы үлкен қариясы Қалжанова Қани апа ауыл тұрғындарының берекелі, үлгілі отбасыларды айтып, ене мен келін, әже мен немере, қария мен ұлдың арасындағы ынтымақ, бірлік, татулықты, ауылдық кітапханамен бірлесе жұмыс жүргізетіндерін мақтана жеткізді. Сырласу кешінде отбасылар ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерелеп оқыса, Қанат Тұрысбеков Т.Момбековтың «Бозінген», «Салтанат» күйлерін нақышына келтіре шертті. Кеш соңында жоба авторы, ақын Гүлнар Өмірбек ауыл тұрғындарына соңғы аялдама Абай ауылындағы әдемі сырласу кешімен тоқтағанын айтып, жеке кітабын сыйға тартты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*