Кентауда жыл соңына қарай медициналық бұйымдар шығаратын кәсіпорын іске қосылмақ

Өңіріміздегі жалғыз моно қала дәрежесіне ие Кентау қаласы бүгінде жыл өткен сайын өркендеп, өсіп, қарыштап дамып келеді.  Қазіргі таңда шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор әсер етер инвестиция, тау-кен өндірісі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, коммуналды шаруашылық сынды бірқатар салалардағы жетістіктер бар.Мәселен, биыл Кентаудағы индустриалды аймақта инфрақұрылым жүйелері  толығымен жүргізіліп, жалпы құны 1998,5 миллион теңге ге 5 жоба орналастырылғанын айтпасқа болмайды.  Оның бүгінге дейін екеуі іске қосылып жұмысын жүргізіп отыр. Ал, қалған 3 жоба — «Асфальт-бетон қоспасын өңдеу зауыт құрылысы», «Кислород шығаруды ұйымдастыру» жобасы және «Медициналық бұйымдар шығару» жобасы жыл соңына дейін іске қосылмақ.

Сонымен қатар, Кентау халқының ауыз сумен қамтылып, табиғи газға қол жеткізу жолында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарды айтып берді. Көріктендіру, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары да баршылық. Жалпы, қала бойынша 25,9 гектар жерге 19150 көшеттер отырғызылса, ағымдағы жылы С.Қожанов саябағына күрделі жөндеу, Қонаев, Абай даңғылдары, Каленов көшесі және «Жастар орталығы» аллеяларының  абаттандыру жұмыстары басталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*