Кентауда ана мен бала өлімі азайған

Соңғы жылдары Кентау қаласындағы денсаулық саласының жұмысы бір ізге түсіп, қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атқарылған істердің нәтежиесі де жаман емес.
Мәселен, кенділер қаласында халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 67 жастан 70 жасқа жоғарылаған. Сәйкесінше, нәрестелер өлім-жітім көрсеткіші 1000 балаға шаққанда 17,1%-дан 4,6%-ға төмендеп отыр. Шүкіршілік деп қоялық. Бұдан бөлек,  өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 7,1 пайыздан 1,6 пайызға азайғанын айта кеткен абзал. Ал, туберкулез дертімен сырқаттанушылық 1000 адамға шаққанда 85 пайыздан 27  пайызға төмендеп отыр. Қан айналым жүйесінен болған өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 137,2 пайыздан 10,7 пайызға, онкологиялық аурудан болған өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 35,8 пайыздан 15 пайызға кеміпті.
                   Шаһар басшысы халықтың денсаулығы басты назарда ұстап отырғанын айтады. Әкім әсіресе ана мен бала өлімін алдын алу мәселесінің оңтайлы шешімін тауып келе жатқанына қуанады. Мұнан бөлек бүгінде Кентауда түрлі қауіпті дерттерге шалдыққандардың саны да анағұрлымға кеміп отыр екен.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*