Ж.Түймебаев: Қазығұртта таңқурай өсіру ісін жандандыру қажет

Таңқурай бұталы көпжылдық өсімдік саналады. Жабайы түрде азғана болса да көлеңкелі жерде жақсы өседі.  Осыны ескерген қожалық ауыл іргесіндегі қыратты аумақта арнайы таңдапты. Қожалық алдағы уақытта жеміс көлемін 1,5 гектарға ұлғайтамын деп отыр.  Шаруаның жұмыс жоспарына разы болған облыс әкімі аудан басшылығына Қазығұрт ауданындағы таулы ауыл окруктерінде таңқурай плантацияларын ұлғайтуды тапсырды.«Біз осындай іскер әрі бағбан  азаматтарымызды қолдауымыз қажет. «Нұр-Айдар»  шаруа қожалығының тәжірибесін пайдаланып, ауданда таңқурай өсіру ісін жандандыру қажет. Тіпті осы қожалық өзге шаруалардың басын қосып, кооператив құруына көмектесуіміз керек»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.Мұнан соң облыс әкімі С. Рақымов ауыл округіндегі «Қазығұрт» сауықтыру орталығы мен балалар лагерінің  жұмысымен танысты. «Нұрлан» шаруа қожалығының иелігіне қарайтын демалыс аймағы 2011-2013 жылдары бой көтерген. Жалпы алаңы 2 гектар жерде 44 орындық 11 котедж, 2 қабатты демалыс үйлері, спорт алаңы, асхана, бассейні бар. Жалпы демалыс аймағына 300 млн теңге инвестиция салынған. Демалыс аймағында бұдан бөлек,  атпен серуендеу және бие ұсталып, саумал орталығы жұмыс істейді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*