Мәжіліске оңтүстіктен сайланған депутаттар демалыста өңірдегі сайлаушылармен кездеспек

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірге келген бір топ ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаттарымен кездесті. Елбасының бастамасымен жүзеге асып отырған бағдарламалардың орындалуына қаныққан халық қалаулылары алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы жобаларға барынша өз үлестерін қосып, қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы — маңызды саяси-идеологиялық құжат. Себебі, бұл мақалада ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары  туралы кеңінен айтылған. Біздің бүгінгі ең басты мақсатымыз — елімізді дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Сондықтан Елбасы мақаласында заманға сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, облысымызда таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылып отыр. Әрі халықаралық байланысты нығайту арқылы өңірімізге инвистиция тарту мен кедергісіз кәсіпкерлік ортасын қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда»,-деді Жансейіт Қансейітұлы

Демалыс уақытында облыстың бірқатар өңірлерінде болып, сайлаушыларымен кездесулер өткізетін мәжіліс депутаттары жергілікті жердегі атқарылып жатқан істермен танысып, көпшіліктің ой-пікірлерін тыңдамақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*