ОҚО әкімі Қытайлық «CNPC» компаниясын өңірдегі әлеуметтік жобаларға атсалысуға шақырды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қытайлық CNPC компаниясының бас директоры Биан  Дыжымен кездесті. Кездесу барысында екі тарап Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай-газ  секторын дамыту мен  Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңа кезеңге шығару жайын сөз етті.  Өңір басшысы зауытты жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңінің  нәтижелі аяқталуымен құттықтап, алдағы уақытта қытайлық компанияны  әлеуметтік жобаларға атсалысуға шақырды.«Елбасымыз еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарын әлемдік стандарттарға сай    жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген болатын.  Міне бүгін сол тапсырма орындалып, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталып отыр. Бұл үлкен жетістік. Енді зауыт К4 және К5 экологиялық кластағы жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығаруға көшті. Алдағы уақытта қытайлық инвестор Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік жобаларға қолдау білдіріп, жергілікті билікпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді деген сенімдемін», — деді Жансейіт Түймебаев.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*