Түркістанда «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізін кесіп өтетін күре жол салынбақ

Көне Түркістан шаһарында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізін кесіп өтетін күре жол салынбақ. Жоспар бойынша аталған жолдың құрылысы биыл басталады. Ол жолдың міндеті қалада жаңадан бой көтеріп жатқан Отырар шағын ауданын шаһар орталығымен байланыстыру. Дегенмен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, ол жол мен  тұрғын үйлердің арасын алшақтау етіп салу көзделіп отыр.Айта кетейік биыл Түркістандағы Отырар жаңа шағын ауданынан көпқабатты тағы 8 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жақын күндері онда 500-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлайды деп күтіліп отыр. Көне шаһардың басшысы құрылысқа жауапты тұлғаларға сапаға мән беруді қатаң тапсырды. Сонымен қатар, тұрғын үй нысандарының инфрақұрылымын барынша пысықтап жүргізуді еске салғанын да айта кеткен жөн. Соның ішінде су құбырлары, сарқынды су және жылу жүйелерінің магистралды құбырларын келешекте салынатын 100 үйдің қажеттілігіне қарай жоспарлауды ұсынды. Егер, жұмыстар кезеңінде аяқталса қаланың келбеті көркейіп, баспана мәселесі біршама реттеліп қалары анық.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*