Оңтүстіктен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 150 ерікті аттанды

Оңтүстік Қазақстан облысының жастарынан құралған еріктілер «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне аттанды. Жастар көрме қонақтары мен шараға келушілерге 1 ай бойы қызмет көрсететін болады. «ЭКСПО-2017» көрмесіне аттанған ерікті топтың Астанаға барып, келу шығынын жергілікті билік толық өз мойнына алып отыр. Осы мақсатта бюджеттен 6 млн теңге бөлініпті.  «ЭКСПО-2017» көрмесінің еріктілері  жолға шықпас бұрын, олар облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековпен кездесті. Өңір басшылығы Астанаға аттанғалы жатқан жастарға сәттілік тілегенін де айта кеткен жөн. «Басында еріктілердің саны 100 болған еді. Қажеттілікке орай тағы 50 жас қосылды бұл санатқа. Сіздерге облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың атынан сәтті сапар тілеймін. Қазірдің өзінде оңтүстіктен халықаралық көрмеге сатылған билеттің саны 150 мыңға жуық болып отыр. Ал, көрмеге еліміз бойынша 3 мыңнан астам ерікті жұмылдырылмақ. Соның 150-і — оңтүстіктен»,- деді облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы.Елордасы Астанаға аттанып бара жатқан еріктілер талай електен өтіп, іріктелген жастар. Олар бұған дейін түрлі семинар-кеңестерге қатысып, ой-танымын арттырып, білімдерін шыңдаған. Сонымен қатар, шетел тілдерін жетік меңгерген екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*