Отырарда мемлекеттік қызметкерлер жасыл алаңда кездесті

23 маусым мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай Отырар ауданында спартакиада болып өтті. Спорттық шараға қатысушылар арқан тарту, кір тасын көтеру және кіші футболдан орталық спорт кешенінде өзара кім мықтыны анықтады. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Абай Құрман, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаевтар шараға қатысушыларды салауатты өмір – салатын қалыптастырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей ел тұрғындарының кемінде отыз пайызын бұқаралық спортқа тартудың маңыздылығына тоқталып, жарыс ұйымдастырушыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.Яғни, бұл спартакиаданың бірден-бір мақсаты жарысқа қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеп, бұқаралық спортты дамыту болатын.Сайдың тасындай іріктелген сегіз команда спорттың үш түрінен кім мықтыны анықтау үшін өзара күш сынасуда. Жарыс түстен кейін өз мәресіне жетеді. Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*