Отырар ауданында өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша келелі жиын өтті

Отырар ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рыскелді Әліштің төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиынында өртке қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен ветеринария саласындағы малдан жұғатын аурулардың алдын алу жұмыстары мен жоспардың орындалуы туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мұрат Серікбаев өрт қауіпсіздігі бойынша атқарылған жұмыстарға тоқтала келе, ауыл округі әкімдері мен сала мамандарына әр ауыл округі бойынша суға шомылу маусымында сақтық шараларын қатаң сақталуын қамтамасыз етуін ескертті. Мұнан соң мінберге шыққан аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Тоқсейіт Елекеев ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, аса жұқпалы мал ауруларына қарсы егу, аллергиялық тексеру, дегельментизация жасау, мал ауруларын диагностикалау, энзоотиялық іс-шаралары мен құтырудың алдын алу жұмыстары туралы баяндады.
Жиын барысында бөлім басшыларының баяндамасын мұқият тыңдаған Рыскелді Салхутдинұлы атқарылған жұмыстарды тағы да бір пысықтап, одан туындаған мәселелерді дер кезінде хабарлап отыруды тиісті сала басшыларына тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*