Отырарлық түлектер Ұлттық бірыңғай тесттілеуді бастады

Бүгін Отырарда мектеп түлектері ҰБТ тапсыру үшін Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің базасына жиналды. Осы жылдан басталған ҰБТ тапсырудың жаңа форматы ұстаздар мен ата-аналар қауымын біраз алаңдатқанымен оқушылар бұл сынаққа тас-түйін дайын екендіктерін айтып қуантуда.Түлектердің жауапты сәтін қарап, оларға ақ жол тілеуге арнайы барған аудан әкімі Ерлан Айтаханов оқушылармен жүздесіп, ҰБТ тапсыру сәтімен құттықтады.
— Құрметті түлектер, Сіздер Қазақстанның болашағысыздар, ал, болашақ бүгіннен басталады. Сіздер кеше ғана бүлдіршін бала болсаңыздар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын тұрған түлексіздер. Алдарыңызда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Халқымызда «Кім көп еңбектенсе, сол жеңіске жетеді»,- деген сөз бар. Сондықтан 11 жыл бойы мектептен алған білімдеріңіз бен еңбектеріңіздің жемісі жоғары болады деген сенімдемін. Сіздерге аудан жұртшылығы атынан шын жүректен сәттілік тілей отырып, басқан қадамдарыңыз табысты болсын дегім келеді,- деді аудан басшысы.Биыл аудан бойынша 2016-2017 оқу жылында 668 оқушы мектептен түлеп ұшса, 464 түлек, оның ішінде 456 оқушы қазақ тілінде, 8 оқушы орыс тілінде ҰБТ-ке қатысуға өтініш берген. Естеріңізге сала кетейік ҰБТ тапсырушылар қатарында жаңа форматқа сәйкес мектепте емтихан тапсырған 31 «Алтын белгі» және «Ерекше үлгідегі аттестатқа» ие болған 9 оқушы бар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*