Түркиядан келген делегация Отырарда болды

Бүгін Отырар ауданына Түркия елінің Кечиорен мунициполитетінің губернаторы АК Мустафа бастаған делегация келіп, Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасап, Отырартөбе қалажұртының тарихымен танысты. Делегация құрамын арнайы барып қарсы алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов бауырлас елден келген қонақтарды киелі Отырар жерінің тарихымен таныстырып, құрмет көрсетті.
Жақында ғана Қазақстан мен Түркия елдерінің өзара дипломатиялық қатынас орнатқанына 25 жыл толуына орай бауырлас елдің астанасы Анкарада «Қазақстан күндері» аталып өткен болатын. Аталмыш шараға елімізден барған делегация құрамы Анкара қаласындағы Жамбыл Жабаев көшесінің ашылу салатанатының куәсі болды. Сонымен қатар айтулы датаға орай Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының тақырыбы аясында ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Айта кету керек бұл шараны ұйымдастыруға Кечиорен мунициполитетінің губернаторы АК Мустафа белсене атсалысты. Әрине, бүгінгі кездесу бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынастың одан әрі нығая түсуіне себепкер болары сөзсіз. Қазақ елі үшін қашанда бір бүйрегін бұрып тұратын бауырлас елдің біздің тарихымызға қызығып, рухани мұраларымызға құрмет көрсетуі соның айқын дәлелі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*