ОҚО-да омарташылар кооперативі құрылады  

Оңтүстік Қазақстан облысында омарташылар кооперативі құрылады. Бұл өз кезегінде ішкі туризмді дамытып, шетелдік туристерді көптеп тартуға септігін тигізеді. Сондай-ақ оңтүстік омарташыларының бірлесіп, ұжымдасып жұмыс істеуіне ықпал ететін болады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрт ауданына жасаған жұмыс сапарында мәлім етті.Қазығұрт ауданының табиғаты омарташылар үшін өте қолайлы екені баршаға аян. Таулы  өңірде бүгінде бал арасын ұстайтын жеке кәсіпкерлердің саны 20-ға жуықтайды. Олардың арасында Шымкент қаласы мен Сарыағаш ауданынан келіп, қолайлы жер таңдап, бал өндіріп отырғандар да аз емес. Солардың бірі сарығаштық Сергей Маринков 10 жылдан бері омарташылықпен айналысып келеді. Ол бүгінде Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов  ауыл окурігі маңындағы жол бойында бал арасын ұстап, табиғи таза өнім өндіріп отырғанын айта кеткен жөн. Облыс әкімі аудандағы сапары барысында Сергейдің омартасына арнайы тоқтап, жұмысымен танысты.

 

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*