ОҚО әкімі Ж.Түймебаев: «Қазығұрттың балын брендке айналдыру қажет»

Таулы Қазығұрт ауданында омарташылықты кәсіп етіп жүргенСергей Маринков, Сарыағашта тұрады.  ол облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлымен кездесу барысында бал өндіру ісіндегі жылдық табысының құпиясымен бөлісті.«Омарташылықпен інім, әкем үшеуміз айналысамыз. Сарыағаш ауданынан арнайы келіп, осында орналастық. Бүгінде тұрақты алымсақтар үшін балымыздың бір келісін 1500 теңгеден босатып жатырмыз. Жалпы бір маусымда 3,5 тоннадай бал өндіреміз», — дейді Сергей Маринков.«Омарташы болу – жақсы кәсіп. Табиғаттың керемет жерінде бал арасын өсіріп, таза табиғи өнім алып отырған осындай омарташыларға қолдау білдіріп, басын қосып,  кооператив құру қажет. Сонда ғана жұмыс жүйеленіп, омарташылық кәсіпті дамытуға жол ашылады. Сондықтан алдағы уақытта оңтүстіктегі омарташылардың басын қосып, алдағы жоспарларын талқылайтын боламыз», — деді Жансейіт Қансейтұлы.

Өңір басшысы алдағы уақытта қазығұрттық балды брендке айналдырудың жолын қарастыру қажеттігіне тоқталды. Өңірімізге келетін туристерге балды қолжетімді ету үшін облыс орталығындағы қонақ үйлерге бал өнімдерін пакеттеп ұсыну көзделіп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*