ОҚО-дан солтүстікке көшетін отбасыларға қоныс шығыны өтеледі

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Жаңабай Ағабеков оңтүстік халқын солтүстікке көшіру ерікті түрде жүріп жатқандығын алға тартты. Оларға үкімет тарапынан да айтарлықтай көмек көрсетіледі. Нақты айтқанда, қоныс шығындары есебінде отбасы мүшелерінің әрқайссына 35 АЕК көлемінде  яғни 79 мың теңге өтемақы төленеді. Бұдан бөлек бір жылға дейін пәтер жалдауға жұмсалатын шығын да мемлекет есебінен. Әлеуметтік қамсыздандыру, көші-қон квотасына да қаржы қарастырылған.«Көшу әр адамның жеке ісі. Ешкімді күштемейміз. Дегенмен ниет білдіргендерге жол шығыны, баспана жалдауды айтпағанда, сол барған жеріне үйренісіп кеткенше, қаржылай көмек береміз. Жұмысқа тұруын да қадағалап отырамыз»,-деді Жаңабай Молдабайұлы.Мәселені қорытындылай келе өңір басшысы  халқы тығыз орналасқан Мақтаарал ауданында бұл жұмыстардың сылбыр жүргізіліп жатқандығын сынға алды.

Айта кетейік, Мақтарал ауданы халқы өте тығыз аудандардың біріне жатады. Бүгінгі таңда  ауданда аталған  мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жеткіліксіз. Соңғы екі жылда бар-жоғы ауданнан 12 отбасы ғана еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударған.

Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниеті бар облыс тұрғындарының ерікті қоныс аударуына ықпал жасау үшін облыс кәсіпкерлерін қатыстыра отырып сол өңірлерге іс-сапар ұйымдастыруды жүктеген облыс басшысы аудан, қала әкімдеріне, салалық басқармаларға бірқатар тапсырмалар берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*