ОҚО әкімі: Мақтаралдың тазалығын автовокзалдан бастау керек

Мақтаарал ауданына жасаған жұмыс сапарында облыс әкімі Ж.Түймебаев жоспардан тыс  Жетісай қаласындағы автовокзалдың жағдайын көрді. Облыс үшін транспорттық маңызы бар «Атакент» автовокзалында келуші халыққа жағдай жасалмағанын айтқан әкім қала орталығындағы бұл нысан тиісті талапқа сай еместігін айтты. Сондай-ақ, автовокзалдағы халықпен сөйлесіп, қаланың коммуналдық қызметінің жұмысы туралы өтініштерін тыңдады.Автовокзалға жапсарлас орналасқан базар да өңір басшының назарынан тыс қалған жоқ. Мұнда ретсіз сауда мəселесі бар екенін жəне санитарлық талаптарға сай еместігін көрген облыс әкімі нысан иесіне автовокзал мен базардағы олқылықты бір ай ішінде ретке келтіруді және ол жұмыстарды үйлестіруді аудан басшысына тапсырды.

«Жалпы әр мемлекетте, әр облыста әуежай, темір жол вокзалы мен автовокзал сол өңірдің кіре беріс қақпасы болып саналады. Сондықтан да тазалықты, көріктендіруді осы жерден бастау қажет. Қысқа уақыттың ішінде  автовокзалдың ішін тазалап, жолды жөндеуді және базар ішін санитарлық талапқа сәйкестендіруді тапсырамын»,-деді аймақ басшысы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*