ОҚО-да оқушы ісік ауыруынан емдейтін дәрі жасап шықты (видео)

Аделя Кеутаева Шымкент қаласындағы зияткерлік мектебінің 11 сыныбында оқиды. Ол оқу барысында көп іздене келе жусанды шөбін зерттеі бастайды. Мақсаты жусаннан дәрі сығындысын жасау болатын. Оған себеп, табиғи шөптің құрамы дәрумендерге бай келеді. Оның үстіне ауыр металдар жусанда кездеспейді.

сурет baq.kz порталынан алынды

Жас ғалым Аделя, бұл жоба төңірегінде көп уақыт тер төкті. Ол өз жетекшісімен бірге онкологиялық ауруға шалдыққан науқастармен кездесіп, зерттеу жүргізіп те көрген. Оның үстіне қаладағы білікті дәрігерлермен кеңесіп, ағзаға қандай дәрі қажет екенін қарастырған.

«Бұл дәрінің кереметтілігі, біз мұнда шөп тамырын пайдаланамыз. Ешқандай химиялық қоспа жоқ.  90% ащы жусанның тамырын алдық. Ол адам бойындағы ісік жасушаларын жою арқылы  ағзаның дамуына көмегін береді. Онкологиялық ауруды айықпас дерт деп жатады. Дегенмен мен ойлап тапқан дәрі-дәрмек қоғамға пайдасын алып келеріне сенімім мол» дейді Аделя Кеутаева.

Қазіргі таңда, бұл жаңалыққа қызығушылық танытушылар көп. Бұл жоба Шымкентттегі фармацевтикалық зауыттың жүлдесіне ие болған көрінеді.

Дереккөз: Хабар24

 

 

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*