Шардарада жыл басынан бері 1300 тонна балық өнімі өндірілді

Шардара ауданы балық өңдеу бойынша облыс көлемінде көш бастаушы аймақ екені белгілі. Бүгінде ауданда жылына 5 мың тоннадан астам балық өнімін өндіруге қауқарлы 4 балық өңдеу зауыты бар. Бұл кәсіпорындар  жыл басынан бері 1,3 млрд. теңге болатын 1300 тонна балық өңдеп, оның 80 пайызын Ресей, Германия, Израиль, Грузия және Өзбекстан сынды елдерге экспортталса, 20 пайызын ішкі нарыққа саудалап жатқанын айта кеткен жөн.Шардара ауданының әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысу мақсатында арнайы жұмыс сапарымен барған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев балық шаруашылығымен айналысатын «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінде болды.

Балық өңдеу зауытының процесімен танысқан аймақ басшысы бұл шаруашылықта коопертивтер құру арқылы өнімнің көлемін  ұлғайтуға болатынын жеткізді. Мұздатылған, ысталған және тұздалған балық пен филе өнімдерін шығаратын кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 2500 тонна. 250 адамға жұмыс тауып беріп отырған бұл зауыт шет мемлекеттерге бәсекеге қабілетті балық өнімдерін шығарумен танымал.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*