ОҚО-да Астана күні мерекесі қарсаңында «Асқақтай бер, Астана!» атты салтанатты шарасы өтті

 Оңтүстік Қазақстан облысында Астана күні мерекесі қарсаңында «Асқақтай бер, Астана!» атты концерттік шара ұйымдастырылды. Шара шымылдығын түрген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жиналған жұртшылықты Астана күнімен құттықтап, елордамыз- Астана қаласынның 20 жылда жеткен жетістіктеріне тоқталды.«Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осыдан 23 жыл бұрын яғни 1994 жылдың 6 шілдесінде Жоғарғы Кеңестің отырысында астананы ауыстыру жөніндегі өте маңызды бастамасын көтерген болатын.  Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықты бастан кешіп жатқандықтан әрине, жалпы қоғам бұл идеяны толық қолдай алмады. Елбасымыз табанды саясаткерге тән мінезбен мемелекет тағдырындағы таңдаулы сәтте тайсалмай, барлығын сендіре білді. Президентіміздің  көрегенділігін дәл бүгінгі уақыт айна-қатесіз көрсетіп тұр», — деді Ж. Түймебаев.

Іс-шара соңы мерекелік  концерттік бағдарламаға ұласты.  Астана күніне арналған «Арнау» композициясы шырқалды. Қазақтың тарихынан сыр шертетін Қ.Ахмедияровтың «Елбасы», Құрманғазының «Сарыарқа» күйлерін «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі орындады. Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры мен облыстық әзіл-сықақ театры әртістерінің орындауында «Ата-баба аманаты» театрландырылған қойылымы көрсетілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*