«Нұрлы жол» бағдарламасы басталғалы оңтүстікте 300-ден астам отбасы баспанаға қол жеткізген

Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы арқылы бірқатар жұмыстар атқарылған.Атап айтқанда, бағдарлама басталған екі жылдың бірінші жылы 324 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілгенін айта кету керек. Осының арқасында 300-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады. Сонымен бірге, 2015 жылы аталған жұмыстарды іске асырып, атқаруда 1200-ге жуық адам жұмыспен қамтылды.

Өткен жылы «Нұрлы жол» аясында 10 білім беру нысаны халық игілігіне берілгенін де айпай кетуге болмайды. Мәселен, былтыр 9 мектеп (оның 2-уі апатты жағдайда, 7-үш ауысымды) пен 1 балабақшаның (тапшылық орын) жаңа құрылысы жүріп, балалар 1 қыркүйектен бастап жаңа нысандарда білім ала бастады. Сондай-ақ, тұрғын үйлерді инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша Шымкент қаласы мен Түлкібас ауданындағы 2 нысанға тиісті жұмыстар жүргізіліп, мерзімінде тапсырылды. Осылайша, 2016 жылы аталған бағдарлама аясында жүргізілген құрылыс нысандары арқылы 3655 адамға жұмыс орындары ашылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*