Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жоспар бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс 19 білім ошағының 3-уі – Қазығұрт ауданында 2 мектеп, Сайрам ауданында 1 мектеп пайдалануға берілсе, қалған 16 білім ордасы жаңа жылға дейін жұмысын бастайды деп күтілуде. Аталған нысандар толық аяқталып, халық игілігіне берілгенде, Оңтүстіктегі 12 мың оқушы 8 апатты, 11 үш ауысымды мектептердің орнына сужаңа білім ошақтарында тәлім алатын болады.Өткен жылы «Нұрлы жол» аясында 10 білім беру нысаны халық игілігіне берілді. Мәселен, былтыр 9 мектеп (оның 2-уі апатты жағдайда, 7-үш ауысымды) пен 1 балабақшаның (тапшылық орын) жаңа құрылысы жүріп, балалар 1 қыркүйектен бастап жаңа нысандарда білім ала бастады. Сондай-ақ, тұрғын үйлерді инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша Шымкент қаласы мен Түлкібас ауданындағы 2 нысанға тиісті жұмыстар жүргізіліп, мерзімінде тапсырылды. Осылайша, 2016 жылы аталған бағдарлама аясында жүргізілген құрылыс нысандары арқылы 3655 адамға жұмыс орындары ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да халықаралық AgriTek Shymkent’2017 көрмесі ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі халықаралық мамандандырылған AgriTek Shymkent’2017 ауыл шашуашылығы көрмесі өз жұмысын бастады.Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында үш күн бойына өтетін алтыншы халықаралық мамандандырылған көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл […]
ОҚО-ға импортталатын кей өнімдер өңірдің өзінде шығып жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысына шетелдерден импортталатын кейбір өнімдер өңірде шығарыла бастады. Атап айтқанда, мотор қозғалтқыш және трансмиссиондық майлар, керамограниттік плиталар, жылтыр МДФ тақтайлар, ПВХ профильдер, су насостары мен дискілік бұрылыс бекітпелер, кілемдер мен кілем тоқуға арналған […]
ОҚО-да егіс көлемі 29 мың гектарға артқан
ОҚО-да ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 29 мың га артып, 818 мың га құрады. Сонымен бірге жаңа бастамамен алғаш рет облыста 59 га жерге жаңғақ, 7 га бадамша егілді. Ал тамшылатып суғару […]
Пікір қалдыру