Шымкенттік оқушылар Астана күнін айрықша атап өтті

6-шілде — ел аумағында айрықша мереке! Елордамыз Астананың туған күні! Айтулы датаны шымкенттік шәкірттер ерекше көңіл-күйде атап өтті десек болады. Алдымен қала тұрғындарына мерекелік құттықтау тілектерін жолдады. Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңына орналасқан «Шымкент Плаза» сауда үйінің алдында белсенді топ флэшмоб биін билегенін де айта кеткен абзал.Аталмыш мәдени шараға бір емес, 200-ге жуық оқушы жұмылдырылды. Мерекелік шараға келгендер арнайы дайындалған би-қойылымды тапжылмай тамашалап,  жерлестеріміз таңданыстарын жасырған жоқ. Сонымен қатар, орталық саябаққа жиналған шәкірттер Астанаға деген рухани сый-тартуын дайындағанын да айта кету керек.Нақтырақ айтқанда, жас қылқалам шеберлері Бас қаладағы сәулеті мен сәні келіскен ғимараттардың бедер-бейнесін және қазіргі «Ехро-2017» халықаралық көрмесіндегі ұсынылған тың туындыларды көптің алдында тосылмай, 40 мольбертте салып шықты. Мұнан соң, осынау мерекелік іс- шараның соңы оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласып, жастар бар өнерін ортаға салды!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*