Мақтааралда Астана күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті

6-шілде – Астана күні қарсаңында Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Елімнің жүрегі – Астана!» атты мерекелік гала-концерт болып өтті. Күллі республикаға танымал Б.Момышұлы мектеп гимназиясының оқушыларынан құралған «Үміт» тобының «Астаналар тарихы» атты көрінісінен бастау алған мерекелік кеш Мақтаралдың тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады.Мерекелік кеште аудан әкімі Ғ.Исмаилов сөз сөйлеп, жыл сайын ерекше тойланатын «Астана күні» мерекесімен мақтаралдықтарды құттықтады. Астананың күллі әлемге танылып, әлемдік діндердің басын қосқан алғашқы қала ретінде дүние жүзі тарихында өз орнын ойып тұрып алғанын, экономикалық форумдар, түрлі саяси келісімдер т.б. іс-шараларды өткізіп жатқан Елордамыз дәл қазіргі уақытта әлем жұртшылығы көз тіккен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізіп жатқандығын аудан басшысы ерекше атап өтті.Сондай-ақ, Ғ.Исмаилов аудан аймағын көркейту, көгалдандыру, халық арасында санитарлық тазалықты насихаттау және ынталандыру мақсатында өткізілген «Үздік ауылдық округ» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*