Түркістандық бұрымдылар Ташкентте топ жарды

Көршілес өзбек елінің астанасы Ташкентте өтіп жатқан самбодан Азия чемпионатында түркістандық үш бұрымды қызы жеңіс тұғырына көтерілді. Нақтырақ айтқанда, Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін даярлайтын спорт мектебінің жаңа басшысы Д.Тәңірбегенов ақжолтай жаңалықты осыдан үш күн бұрын сүйіншілеп жеткізіп еді. Өкінішке орай, белгілі себептермен ақпаратымыз кеш жарияланып отыр. Сонымен, 27 мемлекеттің спортшылары қатысып жатқан Азия чемпионаты тартысқа толы болды десек қателеспейміз. Байрақты бәсекеде топ жарудың өзі оңай шаруа болмағанын айта кеткен жөн. 30 маусым күні аталған спорт мектебінің түлектері боз кілемге шыққан болатын. Сонымен, 44 келі салмақта Пайыз Жадыра жастар арасында өзіне қарсылас шыдатпай,  1-ші орын иегері атанды. Ал, 48 келіде Жылкыбаева Айжан әйелдер арасында сол бірінші орынға бір қадам қалғанда тоқтаған. Сөйтіп, 2-ші орынды місе тұтқан. Мұнан өзге, 72 келі салмақ дәрежесі бойынша Акжігітова Айнұр үздік үштікті қортындылап отыр.
Бұл жарысқа Түркістаннан 7 спортшы аттанғанын айта кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*