Түркістанда «Алаштың бақ ордасы – Астана» атты мерекелік шарасы өтті

3 шілде күні Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Астана күні қарсаңында «Алаштың бақ ордасы – Астана» тақырыбында мерекелік шара болып өтті. Атаулы шараға көне шаһардың жасөспірімдері, бала-бақша мен мектеп оқушылары және музей қызметкерлері қатысты. Шараның негізгі максаты Елордамыз Астана туралы болашақ ұрпақтың танымын қалыптастыру, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру болатын. Сонымен қатар,  жастарды отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру. Атаулы шарада Түркістан қаласының бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары Астана күніне орай өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, өлең оқып өнерлерін көрсеткенін айта кеткен жөн. Шара соңында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ғ.Искаков мерекелік шараға белсене қатысқан қонақтарды Астана күнімен құттықтап, еліміздің болашағы жас ұрпақ өнеріне сәттілік тілеп, қорық-музей атынан алғыс хаттармен марапаттады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*