Түркістанда «Астана күніне» мерекелік шара ұйымдастырылып, азық түлік жәрменкесі өтті

Түркістан қаласы әкімдігінің «Астана күнін» кең көлемде атап өту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып, мерекені насихаттауға арнайы апталық жарияланған болатын. Осыған орай, киелі Түркістанда әр күн думанға айналып жатыр. Сол мерекелік игілікті бастаманың жалғасы бүгін орталық Есімхан алаңында жалпыхалықтық мерекеге ұласқанын айта кеткен жөн.Мерекелік шара барысында тұрғындар арасында спорттық жарыстар өткізіліп, тұрғындарға арзандатылған бағада азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылғанын айтпай кетуге болмас. Сонымен қатар, айтулы мерекені ұлықтаған қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары салтанатты шараны ән мен жыр шашудан бастады.Сондай-ақ, алаңға жиылған көпшілік назарына театрландырылған қойылым ұсынылғынан да айта кетейік. Міне осылайша басталған мерекелік шарада қала басшылығы жиналған қауымды «Астана күні» мерекесімен құттықтап, айтулы күннің айшықтарына шолып өтті.
Жиналған жұртшылықты ән мен жырға бөлеген жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапқан мерекелік шара түркістандықтарға көтеріңікі көңіл-күй сыйлады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*