Астана күніне орай, Арыста спорт нысаны ел игілігіне берілді

Тәні саудың-жаны сау. Спорт денсаулық кепілі. Жаңа ғасыр адамы — спортпен айналысатын дені сау, білімді, рухы мықты азамат болуы тиіс. Бұл қазіргі заманның басты талабы. 6 шілде-Астана күні мерекесі қарсаңында қаламыздағы ШПЗ және Наурыз тұрғын аудандарынан жаңадан бой көтерген заманауи спорт алаңшалары халық игілігіне берілді. Заманауи спорт алаңшаларының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі М.Қадырбек, қала әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, спорт мектептерінің директорлары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары және жастар, БАҚ өкілдері қатысты.«Сіздерді елдігіміздің айбыны – Астана күні мерекесіне орай және түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін заманауи спорт алаңының ашылуымен қала әкімдігі және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқымызға арнаған Жолдауындағы, қазақстандықтардың өмір сүрудің ұзақтығын 72 жасқа дейін жеткізу және халқымыздың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту міндеті сөзсіз орындауымыз қажет-деді қала әкімі Мұрат Қадырбек.
Жаңадан ашылған спорт алаңшасында балғын спортшылар өз өнерлерін ортаға салды. Шара соңы қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*