Сарыағашта Астана күніне орай мерекелік шара өтті

Сарыағаш ауданында Астана күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара болып өткенін айта кеткен жөн. Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Қайрат Абдуалиев Астана күні мерекесімен барша аудан тұрғындарын құттықтап, мереке қарсаңында ауданымызда орындалып жатқан оң жұмыстарды айтып, демографиялық өсім ең жоғары аудан ретінде «Ана мен бала» монументі құрылысы аяқталғанын, мереке қарсаңында ашылатынын жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімі аймақтың белсенді азаматтарын мерекеге арналған алғыс хаттармен марапатталғанын да айта кетейік. Ал, «Алтын алқа» иегерлеріне медальдарын тағып, құттықтады.
Мұнан өзге,Сарыағаш  ауданының төбе биі Рахымберді Оспанов Астана мерекесін мемлекетіміздің әрбір азаматы, ауылы, қаласы, ауданы өз үлесімен және өз жетістіктерімен қарсы алу керектігін айтып, мерекенің маңыздылығына тоқталып өтті.
Бұдан кейін меркелік іс-шарада ауданның мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы, сахналық қойылымдарымен жалғасын тапты. Сонымен қатар, спорттық жарыстар да ұйымдастырылғанын айт кетейік.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*