ОҚО-дағы ХҚКО-да судаудармашылар мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді

«ХҚКО» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсеиітов, 2017 жылғы 1 наурыздан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болғанын мәлімдеді. Ол бойынша адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылған.Ал, өзіне-өзі қызмет көрсету секторында тиісті кезеңде 613 331 қызмет түрін алуға кеңес берілсе, мобильдік ХҚКО арқылы 6 айда 687 шығу жасалған. Ол бойынша көрсетілген қызметтердің саны 31 020 құраған. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйіне шыға отырып қызмет көрсету бойынша 1886 мәрте жұмысшы топ шығып, оларға 3062 рет қызмет  көрсеткен.

Айта кеткен жөн, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінде қазіргі таңда, 8 қалалық, 2 мамандырылған ХҚКО және 18 аудандық бөлім, халық саны үлкен елді мекендерде 5 бөлімше және ӘТВЕО бөлімдерінде орналасқан 15 сектор қызмет атқарады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*